Жуанқұм (Қызылорда облысы)
Жуанқұм – Қызылқұмның солтүстігіндегі құмды алқап. Қызылорда облысының Қазалы ауданы жерінде орналасқан. Сырдария өзенінің қазіргі аңғары мен атырауы және Сырдарияның тармағы – Қуаңдарияның ескі арнасы аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 км-ге созылған, енді жері 20 км, аумағы 1,2 мың км². Көне аллювийлік шөгінділерден түзілген. Қырқалы-төбелі, ұсақ төбелі құмдар Сырдарияның ежелгі атыраулық жазығын алып жатыр. Жер бедерінің ойпатты жерлерінде жазда кеуіп қалатын көлшіктер кездеседі. Жер асты суы 5 – 20 м тереңдікте жатыр. Еркекшөп, сұр жусан және әр түрлі шөпті эфемерлі өсімдіктер (үрме жемісті өлеңшөп, қоңырбас, күйреуік, эфедра, жүзгін) өскен. Қырқалар етегінде ақ сексеуіл тоғайы кездеседі. Жуанқұм жайылым ретінде пайдаланылады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>