Жуанқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жуанқұм – Алматы облысы Балқаш ауданында орналасқан құмды алқап. Құланбасы тауының солтүстік-батысында, Мойынқұм және Сарытауқұм құмдарының аралығында жатыр. Солтүстік-батысында Құмбасы құмды алқабымен шектеседі. Аумағында Сасық бұлағы, сонымен қатар Ақдала алқаптарын суғаратын коллекторлар орналасқан. Жер бедері түгелдей құм шағылдар мен төбешіктерден құралған.
Дереккөздер
<references/>