Жоғарғы Силезия таскөмір алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоғарғы Сиелзия таскөмір алабы - Польша мен Чехия мемлекеттері аумағында орналасқан. Польша жеріндегі ауданы 4500 км2, Чехия жеріндегі ауданы 950 км2. Көмір өндіру көлемі және оның қоры бойынша дүние жүзіндегі ең ірі алаптардың бірі. Алап орасан зор қазаншұңқыр пішінді, солтүстік мен батыс бөлігінде карбон кезеңінің көмірлі шөгінділері жер бетіне шығып жатыр; ал Орталық және оңтүстік бөліктерінде 1000 м-ден астам тереңдікте, мезозой және кайнозой шөгінділерімен көмілген. Жалпы қалыңдығы 4 – 5 км болатын көмірлі бөлігі құмтас, тақтатас, әктастан тұрады; олар острава, намюр, вестфаль сатыларына жіктеледі. Алаптың солтүстік-батыс бөлігінің тектоник. құрылымы күрделі. Көмірдің 450-ден астам қабаты мен қабатшалары бар; олардың батыс бөлігіндегі 98 қабаты көмір өндіруге жарамды; шығыс бөлігінде ондай қабаттар аз. Қабаттардың қалыңдығы 1,5 – 2 м-ден 7 – 9 м-ге дейін, кей жерлерінде 24 м-ге дейін жетеді. Мұнда көмірдің барлық түрлері кездеседі. Көмірі ылғалды, күкірті аз, жоғары сапалы. Металлургиялық кокс алуға болады.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жоғарғы Силезия таскөмір алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}