Жоғарғы Көксу қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоғарғы Көксу қорықшасыЖетісу өңірін мекендейтін аңдар мен құстарды қорғау, көбейту мақсатымен 1980 жылы құрылған республикалық мәні бар зоологиялық қорықша.


Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында орналасқан. Аумағы 240 мың га. Қорықша Көксу, Қорғас, Үлкен Үсек және Кіші Үсек өзендерінің бастауындағы Жетісу Алатауының (Жоңғар Алатауының) Тоқсанбай жотасының орталық бөлігін алып жатыр. Жер бедері биік және аласа таулы болып келеді. Теңіз деңгейінен 2500 м биіктіктегі қылқан жапырақты (майқарағай және шырша) орман белдеуі одан жоғары бетегелі дала белдеуіне, субальпілік және альпілік шалғынға ұласады.

Қорықшада барыс, арқар, марал, жабайы шошқа, елік, сілеусін, ақ қоян, ақ тиін, сұр суыр, қарабауыр ұлар, сақалтай, бүркіт мекендейді; сирек кездесетін және жойылып бара жатқан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жануарлардың 8 түрі (Жетісу аяқтыбалығы, барыс, т.б.) бар. Қорықшада аң аулауға, құс атуға тыйым салынған, қорғауға алынған жануарлардың тіршілігіне бөгет жасауға, өсімдіктерді өртеуге, сондай-ақ әр түрлі уландырғыш заттарды қолдануға рұқсат етілмейді. <ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}