Жорға (тау)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

ЖорғаСарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау массиві.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында. Ең биік жері 1090 м, ұзындығы 5 км, ені 2 км.

Жер бедері

Таудың оңтүстік беткейі тік жарқабақты, солтүстік-батысы көлбеу келген. Шығысында бірнеше ұсақ шоқылар орналасқан. Батысынан Еспе өзені ағып өтеді.

Геологиялық құрылымы

Девон және силур жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Жартылай және шала дамыған қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырақ жамылғысындағы бұталы-жусанды-көделі тасты дала. Мал жайылымына қолайлы. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер