Силур кезеңі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Geological period Силурпалеозой заманын құрайтын алты кезеңнің үшіншісі (443,7-416 млн. жыл).

Силур кезеңінің аяғы өз шыңына жеткен каледон орогенезі мен палеозойдағы бірнеше шөгінді бассейннің толтырылуымен белгіленеді.

Силур жүйесі

Палеозой бірлестігіне қарасты төменнен санағанда үшінші жүйе; екі бөлімге (төменгі және жоғарғы), төрт ярусқа ( төменнен жоғары қарай — лландоверн, венлок, лудлов және пржидоль) жіктеледі. Силур жүйесі, силур дәуірі (Ұлыбританияның Уэльс графтығын мекендеген байырғы кельттердің силур тайпасына байланысты қойылған) — палеозой эратемасының ордовиктен кейінгі, девонның алдындағы үшінші кезеңі. Ұзақтығы 27,7 млн. жылды қамтып, осыдан 444 млн. жыл бұрын басталып, 416 млн. жыл бұрын аяқталған. Силур жүйесін ғылымға алғаш 1835 жылы ағылшын геологы Р.Мурчисон (1792 — 1871) енгізген. Силур жүйесі екі бөлімге жіктеледі (кестені қ.). Силур жүйесінің бас кезінде Гондвана Оңт. жарты шарда, Австралиядан басқасы оның жоғарғы ендіктерінде болды. Гондвана бетінде болған трансгрессия Солтүстік Америка, Солтүстік және Батыс Африканы, Арабияны шарпыды. Япетуста (Протоатлант мұхиты) бастапқы кеңею, кезеңнің соңында жабылу үрдісі өткен. Япетустың таралуы мезгілінде Палеотетистің Шығыс бөлігінде Циляньшанның осьтік белдемі көтеріле бастаған. Орал-Охотск белдеуінің орта бөлігінде жаңа спрединг осі пайда болып, Палеоазия мұхитының ұзына бойына созылды. Ол Обь бойымен, Зайсан көлі маңынан Қытай арқылы Оңтүстік Моңғолияға, одан әрі Дунбейді (Қытай) басып Охот және Жапон теңізіне өткен. Қазақстанның орогендік алқабында жұрнақ теңіз алаптарының ауданы азайып, қыратты және таулы жерлер көбейген. Балқаш көлі мен Кетмен жотасы аралығында теңіз ойысында шығанақтарды шектеген риф массивтері қалыптасты. Уэнлок ғасырынан бастап, геосинклиналдық аймақтарда қатпарлану, қозғалыстар өрістеп каледондық таулы қатпарлар қалыптасып, теңіздер кейін шегіне бастады. Қатпарлы таулар Сарыарқаның солтүстігі мен батысында (Көкшетау, Ұлытау-Қаратау доғасы), Солтүстік Тянь-Шань орнында да көтерілді. Орал-Моңғол теңіз айдынының ортасында көлемді құрлық Қазақ макромойнағы пайда болды. Алтай — Саян тау сілемдері қалыптасып, Сібір платформасының аумағын өсірді. Силур жүйесінің соңында барлық көне платформалар тұрақты жазық құрлыққа айналып, рельеф жаңарды, таулар шыңдалды. Каледон тау қатпарларында жер жарылғандықтан магма жоғары көтеріліп, көптеген интрузиялық тау жыныстары қалыптасты, металл кендері түзілді. Тіршілік әлемі. Гондвана бетінде болған трансгрессия салдарынан силур жүйесінің органикклық дүниесі палеозоймен салыстырғанда бай және әр түрлі болып келеді. Мұнда омыртқасыздардың барлық кластарының қалыптасуы аяқталып, омыртқалылардың ең алғашқы қарапайым түрлері пайда бола бастады. Фауна мен флора теңіздерде тіршілік етіп, құрлықты жоғары сатылы өсімдіктер жайлай бастады. Теңіздерде граптолиттер, трилобиттер, мшанкалар, тікентерілілер, теңіз балдырлары үстем болды. Құрлықта мүктер, саңырауқұлақтар, жоғары сатылы өсімдіктер — риниофиттер, ең соңында қарапайым қырықбуындар пайда болған. Кезеңнің соңында граптолиттер, трилобиттер, наутилидтер өле бастады. Алғашқы нағыз балықтар — акантодтар, одан кештеу жағалық жазықтарда алғашқы жоғары сатылы өсімдіктер (псилофиттер) пайда болды. Псилофиттердің қалдықтары Қазақстанның жоғарғы силур түзілімдерінен табылған. Климаты. Силур жүйесінің басында барлық континенттерде біршама салқын ауа-райы басым болған. Бұл кезеңнің жұқа мұздықты қат-қабаттары Боливияда, Солтүстік Аргентинада, Шығыс Бразилияда белгілі. Пайдалы қазбалары. АҚШ-тың кейбір мұнай шоғырлары силур жүйесінде түзілген. Силур жүйесінің шөгінді түзілімдерінің (тастұз қабаттары) ірі қорлары Солтүстік Америка платформасында шоғырланған. Клинтондағы (АҚШ) оолитті темір кендері және Африкадағы шағын кен орындары мен кенбілінімдер Силур жүйесінде жаралған. Каледондық қышқыл интрузияларымен Солтүстік Қазақстан, Темірші Алатауы, Таулы Шория алтынды кен орындары байланысады.

Сурет:Cooksonia.png
Cooksonia, көне ыдыс секілді өсімдік, орта силур

Силур дәуірі теңіздерінің мекендеушілері

Силур кезеңі

Палеозой эрасының ұзақтығы шамамен 30 млн. жылмен өлшенетін үшінші геологиялық кезеңі. Бұдан 438 — 408 млн. жылдар бұрынғы уақыт аралығын қамтыған.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref> Үлгі:Silurian Footer Үлгі:Paleozoic Footer

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub