Жолдас Тоқжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқжанов Жолдас (1934 жылы туған, Атырау облысы Қызылқоға ауданы) – мұнайшы. Гурьевте (қазіргі Атырау) мастерлер курсын (1962), Саратов политехникалық техникумын бітірген (1976). 1953 – 1958 жылдары Мұнайлы, Құлсары, Төлеш, Қосшағыл кеніштерінде, «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде бұрғылаушы, 1962 жылы Жетібайда бұрғылау мастері болып, Қарамандыбас, Теңге, Қансу, Қарақұдықта жаңа мұнай көздерін ашты. 1962 – 1975 жылдары «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде комсомол-жастар бұрғылау бригадасын басқарған. 1975 – 1979 жылдары Жетібай жер асты ұңғымасының жөндеу мастері, 1979 – 1995 жылдары «Маңғышлақмұнайгаз» жобалау-іздестіру станциясында мастер-конструктор, 1995 жылы «Шаңырақ» мұнайшылар клубы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Ленин (1966), «Құрмет» (1999) ордендерімен, медальдармен, КСРО Геология министрлігінің (1970) Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жолдас Тоқжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}