Жиенболанова, Лада

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лада Жиенболанова – бүгінгі таңдағы Қазақстан спортының үкілеген үздіктерінің бірі, бессайысшы.

Жетістіктері

2002 жылғы Азия ойындарында Лада бастаған қыздарымыз қазіргі бессайыстан сарапқа салынған үш медаль жиынтығының екеуінен алтын, біреуінен қола жүлде еншілеген-ді. Жеке сайыста Лада Жиенболановаға тең келер ешкім болмай, командалық сайыста Қазақстан құрамасының төрт қызы үстемдік танытты. Тек эстафеталық бәсекеде спорттық сәттілік «жон арқасын беріп», сайысқа түскен үш қызымыз қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. (Дохада өтетін ХV жазғы Азия ойындары қарсаңында Катардан суыт хабар жетіп, бессайысшылар арасындағы жарыстардың өтпеді.)

2007 жылы әлем кубогының кезеңдік сайыстарында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып, жыл соңында бессайысшы қыздар арасындағы әлемдік рейтингте көш бастады. Әу бастан бергі көңіл түбінде ұялап жатқан арманы – Олимпиада чемпионы болу, жүлдегері атану.

Үйленген, қызы Аринадан кейін туған ұлдарын Тимур деп атады. Жасы 38-де.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}