Жерқорған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жерқорғанорта ғасырлардан сақталған бекініс орны.

Жамбыл облысы Тараз қаласынан шығысқа қарай 28 км жерде, Ақшолақ және Үшбұлақ стансалары арасында орналасқан. Ескерткішті 1940 жылы Г.И. Пацевич зерттеген. Бекініс орны солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 м, батыстан шығысқа қарай 50 м жерді алып жатыр. Биіктігі 1 м-ге жуық топырақ үйіндісімен айнала қоршалған. Ортадағы алаңның биіктігі батыс жағында 3 м-ге жетеді. Шағын көлемде ғана жүргізілген қазба жұмыстары нәтижелерінде қыш ыдыс қалдықтары табылды. Ғалымдар Жерқорған бекінісін 7 — 12 ғасырларға жатқызады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 3 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер