Жерді мелиорациялау жобасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Eden Island, Mahe.jpg
"Жерді мелиорациялау жобасы "

Жерді мелиорациялау жобасыауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты мол өнім алу үшін аса ылғалданған және батпақтанған жерлердің барынша тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық шешімдер кешені. Жерді мелиорациялау жобасын жасау алдында кешенді инженерлік ізденістер жүргізіледі. Оны жобалау институттары (мекемелері) жобалау мен құрылыстың шаруашылық қажеттілігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін дәлелдейтін жобалау алды құжаттары мен материалдары негізінде жасалады.

Сурет:Satellite image of Flevopolder, Netherlands (5.48E 52.43N).png
"Жерді мелиорациялау жобасы"

Жерді мелиорациялау жобасы бір немесе бірнеше сатыда жасалып, техникалық және экологиялық сараптаудан өткізіледі. Жұмыстық жоба типтік және қайталай қолданылатын жеке жобалар бойынша салынуға тиіс объектілер мен техникалық тұрғыдағы жеңіл объектілер үшін жасалады. Жоба және жұмыстық құжаттар ірі және күрделі объектілер үшін, сонымен қатар құрылыс жүргізу аса күрделі болғанда жасалады. Ірі объектілерді жұмыстық жоба мен жоба ұзақтығы 2 жылдан аспайтын құрылыс кезегімен атқарылады. Жерді мелиорациялаудың жұмыс жобасында өндірісті ұйымдастыру мен экономика, жер телімін тиімді пайдалану мен бас жоспардың құрылыс нұсқасын таңдау, ғимараттардың көлемдік-жоспарлау сәулеттік және конструкциялық шешімдерін, құрылысты ұйымдастыру және оны қалыпты мерзімде іске асыру, су қоймаларды, топырақты жөне атмосферадағы ауаны ақаба сулармен ластанудан қорғау, бұзылған жерлерді қалпына келтіру және жер қойнауын қорғау, құрылыстың сметалық құны, жобалық қуаттарды игеру жөне т.б. Мәселелер шешіледі, техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі. Жұмыстық жобаның құрамына: түсіндірме жазба (объектінің табиғат жағдайларының сипаттамасы, өткізуші каналдар мен су қабылдағыштағы су өтімі, құрылыс көлемі, өндіру тәсілі көрсетілген құрастыру және мәдени-техникалық жұмыстар, құрылыс материалдары мен механизмдерге деген сұраныстардың тізімдемесі, табиғатты қорғау, техникалық пайдалану, ауыл шаруашылық игерілу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану жөніндегі шаралардың тізімі кіреді), мелиорация желісіндей барлық имараттар түсірілген бас жоспар, су қабылдағыштың, өткізуші каналдардың, жабық коллекторлардың, бөгетшелердің, жолдардың жер жұмыстарының көлемі есептелген ұзына бойы жөне көлденең қималары, жеке жобаланатын имараттардың жоспарлары мен қималары, типтік имараттарды байланыстыру кестелері, тапсырыс ерекшелігі. Мелиорация жүйесінің жобасында ұсынылған өндіріс технологиясы және таңдалған құрал-жабдық бойынша негіздеу материалдарында қабылданған шешімдер, алғашқы шикізатқа, материалдарға, энергияға, суға жөне өзге де ресурстарға деген қажеттіліктер; құрылыстың жобаланушы кезегінің құрамы, бас жоспардың схемасы; техникалық-экономикалық көрсеткіштер қосымша қарастырылады және дәлдігі анықталады.


Мелиорация жүйесін кешенді жобалау құрамына: конспект, бас жоспардың схемасы, табиғат жағдайларының жазбасы (объектінің климаттық, гидрологиялық жөне топырақ мелиорациялық ерекшеліктері), техникалық пайдалану, энергиямен жабдықтау, электрлік құралдармен жабдықтау, автоматтандыру, телемеханикаландыру мен байланыс мөселелері, жалпы техникалық жазбасы, мелиорациялық құрылыстың жобасы, ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру жобасы, ауыл шаруашылық құрылыстарының жобасы, құрылысты ұйымдастыру жобасы, сметалық бөлім, жобаның төлқұжаты, сызбалар кіреді.

Жұмыстық құжаттар құрамына: құрылыс жұмысшы сызбалары, металл конструкциялар мен құбырлардың бөлшектенген сызбалары, жобаланушы каналдардың, кәріздер жүйесінің жабық коллекторларының, бөгетшелердің, жолдардың толық ұзына бой және көлденең қималары, негізгі конструкциялық өлшемдері, канал трассаларына қатысты белгілер мен байланыстары көрсетілген имараттардың тізімдемелері; арнайы жобаланатын гидротехникалық имараттардың сызбасы (орнатылатын құралдары көрсетілген барлық құрылыс конструкциялары сәйкестендірілген) және жалпы жоспары, қималары, су шаруашылық есептеулерін дәлдеу, мелиорацияланатын аумақтағы ауылшаруашылықты игеру мен ауыл шаруашылығын ұйымдастыруды дәлелдеу және т.б. кіреді. Жоба бойынша құрылыс оны қараудан өткізген соң және бекіткен соң ғана іске асырылады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жерді мелиорациялау жобасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:إستصلاح الأراضي de:Landgewinnung es:Tierras ganadas al mar fi:Uudisraivaus fr:Terre-plein (géographie) it:Terra sottratta al mare ja:埋立地 ko:간척 nl:Landwinning pt:Aterramento marítimo zh:填海