Женева Университеті
Женева университеті (Үлгі:Lang-fr) — Швейцарияның ең ежелгі университеті. Университетті 1559 жылы Жан Кальвин теологиялық діни орта оқу орны ретінде құрған.
Женева университетінде мынадай факультеттер жұмыс істейді : заң факультеті, медицина, жаратылыстану, экономика және социология, психология, аударма факультеттері. Қазіргі таңда негізгі оқыту француз тілінде өтеді ( кейбір сабақтар ағылшын, неміс, итальян, испан тілінде оқытылады). Тоғыз факультетте шамамен 15000 студент білім алады.
Оқытуды оңайлату үшін барлық дәрістердің бастапқы негізі аудио және видео ретінде бар. Сондай-ақ университеттің сайтына студент тіркеліп, барлық жұмыстарды, ғылыми әдебиетті сол жерден көре алады. Әр студенттің өзінің жеке аккаунты бар.
Суреттер
- Geneva University.JPG
Филология факультеті
- Uni-Mail.JPG
Экономика және социология факультеті
- Universidad de Ginebra.jpg
Ескертпе
<references></references>