Жаңа экономикалық университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Қазақ экономикалық универстеті<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - Т.Рысқұлов атындағы – экономика және қаржы салалары бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орны. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) экономикалық факультеті негізінде Алматы халық шаруашылық институты болып ашылған (1963). 1991 жылы Қазақ мемлекеттік экономика университеті, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы болып өзгерді. 2001 жылдан қазіргі атымен аталады. 1964 жылдан аспирантура жұмыс істейді. 2006 жылдан PhD бағдарламасы бойынша ғылыми докторларын даярлау ісі қолға алынды. Университет мамандар даярлауды 4 оқу-ғылыми кешені арқылы жүзеге асырады: 1) халықаралық экономикалық қатынастар оқу-ғылыми кешені мемлекеттік аппарат, сыртқы экономика, кәсіпкерлік салаларына жоғары білікті мамандар даярлайды; 2) қаржы және кредит оқу-ғылыми кешені бюджет, салық төлеу, финанстық менеджмент, банк ісі, банк есебі, құнды қағаздар мен биржа ісі мамандықтары бойынша мамандар даярлайды; 3) есеп және экономика кибернетика оқу-ғылыми кешенінде бухгалтерлік есеп пен аудит, экономикалық кибернетика, статистика, экономикадағы ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша мамандар даярланады; 4) менеджмент және маркетинг оқу-ғылыми кешені экономика менеджмент (әлеуметтік салада), мемлекеттік және муниципалдық басқару, еңбек ресурстарын басқару, табиғатты пайдалану экономикасы, маркетинг пен коммерция, тауартану мен тұтыну тауарларының сапасы, әлеуметтік-мәдени сервис пен туризм мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Университетте 600-дей оқытушы дәріс береді. Оның 32-сі ғылыми доктор, профессор, 178-і ғылыми кандидат, доцент. Құрамында орталықтар (Даму стратегиясы және Экономикалық зертеу, Маркетингтік зерттеу, Еңбек нарығын зерттеу, Мемлекеттік тілді зерттеу, Компьютерлік технология, Халықараралық білім беру бағдарламалары, рухани және патриоттық тәрбие беретін «Ақсұңқар» орталықтары), Халықараралық бизнес мектебі, Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институты, Оқу-әдістеме бірлестігі, колледж-лицей бар. Университет жанынан ашылған «Экономика» баспасынан «ҚазЭУ жаршысы» журналы шығып тұрады. Халықаралық жобалары мен бағдарламаларын іске асыруда шетелдік ұйымдармен және университеттермен серіктес.

Факультеттер мен мамандықтар

Қаржы факультеті
  • 5B050900 қаржы (география)
Экономика және басқару факультеті
  • 5B050600 экономика (география)
  • 5B050700 менеджмент (география)
  • 5B051000 мемлекеттік және жергілікті басқару (география)
  • 5B051100 маркетинг (география)
  • 5B051300 әлемдік экономика (география)
  • 5B051900 еңбекті ұйымдастыру және нормалау (география)
  • 5B020200 халықаралық қатынастар (шет тілі)
Есеп және статистика факультеті
  • 5B050800 есеп және аудит (география)
  • 5B090800 бағалау (география)
  • 5B051200 статистика (география)
Халықаралық білім беру бағдарламалары факультеті (ескерту, оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.)
  • 5B050900 қаржы (география)
  • 5B050600 экономика (география)
  • 5B020200 халықаралық қатынастар (шет тілі)
  • 5B050700 менеджмент (география)
  • 5B050800 есеп және аудит (география)
Инженерлік-экономикалық факультет
  • 5B060800 экология (биология)
  • 5B070300 ақпараттық жүйелер (физика)
  • 5B070400 есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету (физика)
  • 5B073200 стандарттау, сертификаттау және метрология (физика)
Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті
  • 5B030400 кеден ісі (жалпы тарих)
  • 5B090200 туризм (география)
  • 5B090400 әлеуметтік-мәдени сервис (география)
  • 5B090500 әлеуметтік жұмыс (география)

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Navbox


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жаңа экономикалық университеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}