Жаңақұрылыс (Қызылорда облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаңақұрылыс — Қызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл, Жаңақұрылыс ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 135 км жерде, Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария өзеннің аңғарында орналасқан. Ауыл 1973-1996 жылдары Қазалы ауданындағы өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Жаңақұрылыста бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. <ref> « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>
Халқы
Тұрғыны 890 адам (2009).