Жақсығат Матайұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жақсығат Матайұлы (1914, Бозащы түбегі, Ортаеспе ауылы – 1995, Ақтау қаласы) – еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы қызметкері. 1934 – 1935 жылдары Ортаеспе ауылында балықшы, 1941 – 1962 жылдары Путь к коммунизму балықшы ұжымшарында бригадир, ұжымшар бастығы қызметтерін атқарған. Матайұлы басқарған жылдары ұжымшар еңбек жоспарын артығымен орындап, алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі болды. 1962 – 1997 жылдары «Жетібаймұнайгазбарлау» мекемесінде еңбек етті. 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және бірнеше грамоталармен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>