Жаттығу әдісі
Жаттығу әдісі<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9</ref>, педагогикада — оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін тәжірибеде қолданып, білімін тереңдетіп, оның шығармашылық қабілеті дамытылады. Оқушы оқу материалдарын сапалы түсініп, игергеннен кейін, әуелі сол материалға байланысты қарапайым, одан кейін бірте-бірте күрделі жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқу, үйрену, ұғынғанын тәжірибеде қолдану, іскерлікке дағдылану жүйесі арқылы оқушы білімді толық игереді. Ауызша Жаттығу әдісі (математикадан ауызша есептеу, тарихтан атаулы даталарды есте ұстау, тілден сөз бен сөйлемдерді дұрыс айтуға жаттығу), жазбаша Жаттығу әдісі (тіл мен математикадан), практикалық Жаттығу әдісі (математика, физика, химия, т.б. пәндерде өлшемдік құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру) болып бөлінеді.
<p style="text-indent: 25px;"> Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
- бірінші кезеңде мұғалім оқушының қабылдап, түсінген білімінің негізінде оларға жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді;
- екінші кезеңде мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді;
- үшінші кезеңде алғашқы игерген білімін оқушы тәжірибеде пайдаланады;
- төртінші кезеңде оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі іске асады.
Дереккөздер
<references/>