Еліктеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еліктеу - жазушының, ақынның өз шығармасында белгілі бір әдеби нұсқаны үлгі тұтып, талантты өнер иелерінен өнеге алуға ұмтылуы. Осындай үлгі алушылық екі түрлі мағынада айтылады.

  • а) жаңадан жазып, іздену үстінде жүрген, әлі әдебиеттегі өз жолын айқындай алмаған жас қаламгердің басқаға еліктеуі, немесе, атақты сөз зергерінің ықпалынан шыға алмай, оның өрнек-үлгілерін сырттай қайталаудан аса алмаған жазушының шығарма әлсіздігі. Мұндай еліктеу әдеби ықпалдың, әдеби-әсердің үйренушілік дәрежесіндегі көрінісі;
  • ә) белгілі жазушының стилін, бейнелеу мәнерін, не басқа бір әдеби нұсқаны саналы түрде қайталау. Мұндай еліктеу, өзіндік көркемдік тәсілдерде қолданылуы мүмкін. Соның нәтижесінде дәстүр тағылымына, көркемдік, стильдік ерекшеліктерді жаңғыртып,жаңаша қолдануға негізделген шығармалар туады. Олардан дәстүрді игеру шеберлігі, жаңашылдық ізденістер айқын танылады. Мысалы, Лермонтовтың "Байронға еліктеу" (Күлме, досым...), Некрасовтың "Шиллерге еліктеу" атты өлеңдері. Шығыс әдебиетінде бір кездерде кең тараған белгілі сюжетке жаңа шығарма жазу да әдебиеттегі дәстүр жалғастығын сақтауға ұмтылудан туған. Кейде түпнұсқадан алшақ жерлері көп еркін аударма өлеңді де толық мағынасында аударма деуден гөрі еліктеу деп қараған жөн.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}<

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}