Жас қазақ (ұйым)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жас қазақ1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Ақмола (қазіргі Астана) қаласында құрылған қазақ жастарының ұйымы.

Мүшелерінің саны 50 адамға дейін жеткен. Төрағасы — Сәкен Сейфуллин, мүшелері қатарында Б.Әділов, Бәкен Серікбаев, Б.Айбасов, А.Асылбеков, т.б. болды. “Жас қазақ” ұйымы социал-демократиялық бағытты ұстанды. Ресейдің федеративті республика болуын жақтады. Халық ағарту жұмыстарын жүргізуді, саяси істерге белсене араласуды алдына мақсат етіп қойды. “Айна” атты журнал шығаруды қолға алды. Ұйым мүшелері 1918 жылы көктемде Сейфуллиннің “Бақыт жолында” деген пьесасын сахнаға шығарды. Одан түскен қаражат Омбыда оқып жүрген қазақ балаларына берілді. Ақмола уездік қазақ комитеті құрамына “Жас қазақ” ұйымы өз мүшелерін енгізді. 1918 жылы 5 — 13 мамырда Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезіне “Жас қазақ” ұйымы атынан Асылбеков пен C.Садуақасұлы қатысты. “Жас қазақ” ұйымы өлкеде кеңес өкіметінің орнауын қуаттады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жас қазақ (ұйым)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}