Бәкен Серікбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәкен Серікбаев (27 сәуір 1894, Шу өзен алқабы, қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы аумағы – 3 маусым 1919, Омбы) – Ақмоладағы (қазіргі Астана) кеңес өкіметін орнатуға қатысушы.


  • Шуды қыстап, Арқаны жайлайтын көшпелі отбасында дүниеге келіп, сауатын ауыл молдасынан ашқан.
  • 1907–10 жылы Ақмоладағы шіркеу жанындағы мектепте оқыған.
  • 1910–13 жылы Әулиеатадағы екі жылдық орыс мектебінде оқыды.
  • Шымкенттегі үш жылдық училищеге келіп түседі. Осында социал-демократтармен тақау жүргендіктен, күдіктілер қатарында бақылауға алынады да, ақыры оқу бітіретін жылы училищеден шығарылады.
  • 1916 жылы Ақмолаға келіп, С.Сейфуллинмен бірге қоғам жұмысына араласа бастайды.
  • 1917 жылы құрылған «Жас қазақ» ұйымының белсенді мүшесі болады, «Тіршілік» газетін шығаруға атсалысады.
  • 1917 жылы желтоқсанда құрылған Ақмола әскери-революциялық кеңесінің мүшесі
  • 1918 жылғы ақпанда Ақмола уездік атком төрағасының орынбасары болып сайланды. 1918 жылы 1 мамыр мерекесіне Серікбаев жұртшылық алдында баяндама жасады. Тұңғыш рет көрсетілген С.Сейфуллиннің «Бақыт жолында» спектаклінде Ермек рөлін ойнады.
  • 1918 жылы 3 маусымда қаладағы ақгвардияшылар бүлігі кезінде Ақмола Кеңесі мүшелері қатарында тұтқынға алынды. Тұтқындар күз бойы Есіл алқабындағы ауыл шаруашылығы жұмыстарына салынып, қыста С.Сейфуллин суреттейтін атаман Анненковтың азап вагонымен Омбыға жөнелтілді. Ауру меңдеген Серікбаев Омбы түрмесінде қайтыс болды. <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}