Жасұлан Әбдіманапов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жасұлан Әбдіманапов (2.1.1980. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жылқышты ауылы) - тележурналист.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Жамбыл облыстық Құлан ауылшаруашылық техникумын (2000), Тараз мемлекеттік университетін (2005) бітірген.
Жамбыл облыстық "Дүние-дастан", "Халық тәлімі", "Таразы" газеттерінде тілші, "Қазақстан" РТРК АҚ Жамбыл филиалында редактор, жаңалықтар бөлімінде шеф-редактор, ТРК-ның Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (2003-2008), 2008 жылдың мамыр айынан "Қазақстан" РТРК АҚ "Қазақстан-Тараз" филиалы директорының орынбасары - бас редакторы.
Дереккөздер
<references/>