Жарғақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарғаққұлын, тай, лақ, бөкен терісінен түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім. Жарғақ жасау үшін алдымен теріні илейді, жақсылап сүргілеп, уқалап жұмсартады да, томар бояу, рауғаштың түбірі, еменнің қабығы тәрізді заттармен жуып кептіреді. Ерменнің, жусанның бүрін басытқы ретінде шамалы ашудас қосып суға қайнатқаннан кейін қанжылым қалпында иленген теріге жағып кептіреді. Әрі қарай уқалап, қыртысын жазады. Сонан соң шекпен үлгісінде пішіп, қалың матамен астарлайды. Жарғақты, көбінесе, қыста, жауын-шашын, боранды күні киім сыртынан киеді. Ертеректе ауқатты адамдар Жарғақты тек қара құлын терісінен тігіп киген.

Жарғаққозы, лақ,бұзау, құлын, т.б. жас төлдің ерекше тәсілмен иленген терісі. Жарғақ алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Кіші Азияның Перғам қаласында жазуға пайдаланылатын жоғары сапалы материал ретінде шығарылған. Қазір Жарғақ музыкалық аспаптар мен кейбір техникалық бұйымдарды жасауға қолданылады. Ол өте берік, оңай жыртылмайды, бетіне түскен 10 — 12 кг/мм2 қысымға шыдайды. Керілген Жарғақты ұрғанда таза дыбыс шығарады. Жарғақ сыртқы ортаның жылылық, ылғалдылық сияқты құбылмалы жағдайларында қалпы мен қасиеттерін сақтайды. Қазіргі қалыптасқан былғары өндіру технологиясының алғашқы сатылары (теріні ылғалдау, күлдеу) нәтижесінде алынатын теріні, май және су өткізбейтін орамдық қағаздарды да Жарғақ деп атайды. Бір түсті құлын терісінен түгін сыртына қаратып тіккен сырт киім де Жарғақ деп аталады. Ол үшін алдымен теріні илеп, жұмсартады. Содан соң шекпен үлгісінде қиып, қалың матамен астарлайды. Мұндай сырт киімді, көбінесе, қыста жауын-шашынды, боранды күндері киеді. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Жарғақ (Үлгі:Lang-la - жұқа қабық, жарғақ). Былғарыдан, резинадан және т.б. жасалған жұқа қабыршақ немесе сыртқы күштің әсеріне серпімді жұқа металл пластинка.<ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жарғақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}