Қозы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қозықойдың 6 айға толмаған жас төлі.
Қозылар егіз және жалқы болып туылады. Оларды туған мерзіміне қарай мәйекті қозы, көбе (кепе), қауқа, күн тимес, көпелдеш, көпей, арамза, марқа, бағлан қозы деп атайды.
Қозылар туылғаннан соң 10 – 15 минуттан кейін аяқтанып, енесін емеді, 10 – 15 күнде отығады, 3 – 4 аптадан кейін қосымша жем (күнжара, ақталған сұлы, т.б.) беріледі. Оларды 1,5 айлығында отармен бірге бағып, 3 – 4 айдан кейін еркек не ұрғашысына қарай отардан бөледі.

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub