Жарсуат (Атырау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЖарсуатАтырау облысының Индер ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Индербор кентінен оңтүстікке қарай 38 км жерде. Жайық өзенінің оң жағалауында шөл белдемінде орналасқан.

Халқы

Тұрғыны 1887 адам (2009).

Тарихы

Іргесі 1930 жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. 1963 жылдан Жамбыл атындағы қаракөл қой кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан оның негізінде “Махамбет” акциондық қоғамы құрылды. Жарсуатта орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Индер ауданы елді мекендері