Жаппарберді хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Жаппарберді хан(т. ж. б. — 1417) — Ақ Орда ханы (1416), Тоқтамыс ханның 6-шы баласы. Жаппарберді Жошы ұлысындағы үш саяси топ — Мәскеу, Литва князьдігі және Едіге биді жақтаушылар арасындағы билік үшін таласта Литва князі Витовтаның әскери, саяси қолдауына арқа сүйеді. 1413 жылы Витовтаның көмегіне сүйенген Жаппарберді мен Бетсабул (Бақтыбек болуы мүмкін) әскері Келімберді ханмен шайқаста жеңіліске ұшырап, Бетсабул қаза табады да, Жаппарберді қалған әскерімен Литваға оралады. 1416 жылы Витовтаның әскерімен Ордаға келген Жаппарберді Едіге хан етіп сайлаған Шыңғыс Шөкре оғланды өлтіріп, оның орнына өзі хан болады. Көп ұзамай Дервиш ханның ықпалымен Еділ бойынан қуылады. Жаппарберді Қырымға кетіп, Каффаны паналайды. Едігенің әскері Каффаны қоршауға алады, Жаппарберді Литваға қашып бара жатқан жолда өзінің серіктерінің қолынан қаза табады.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

Тағы қараңыз

Үлгі:Алтын Орда хандары