Жантөре Нұрланұлы Әбішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жантөре Нұрланұлы Әбішев (18. 3. 1936 жылы туған, Қарағанды облысы Тельман ауданы) — ғалым, техника ғылымның докторы (1983), профессор (1987), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент-мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы (1994). Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық техника университетінің) бітірген (1957). 1959 — 1983 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтында кіші ғылымкер қызметкер, аспирант, инженер, ғылым хатшы, директордың ғылымкер жұмыстар жөніндегі орынбасары, директор болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры. Негізгі ғылыми еңбектері түсті және сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Әбішев құрамында пирит бар полиметалл шикізатын термомагниттік жолмен байыту, сульфид концентраттарын автоклавта кремнийден арылту технологиясын жасап, тотыққан минералдарды гидротермдік жолмен сульфидтеу әдістерін ұсынды. 50-дей авторлық куәлік, патенттер алған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармашылығы:

  • Магнитные сульфиды железа (Проблемы комплексной переработки пиритсодержащего сырья), А., 1981 (соавт);
  • Щелочное обескремнивание сырья, А.-А., 1984 (соавт);
  • Использование электроимпульсной дезинтеграции в технологии получения дисульфида молибдена из казахстанского сырья, Қарағанды, 1995.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}