Жангелді

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖангелдіМаңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, т.ж. ст. Аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 километр жерде, Каспий ойпатының шығыс жағындағы Қызылжареспе қонысының шығысында, шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам (1999). Іргесі 1937 ж. “Сам” қаракөл қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1997 жылдан кеңшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Жангелдіде т. ж. мекемелері, байланыс бөлімі, мектеп, клуб және фельдш. пункт бар. Тұрғындары аудан орталығымен темір және автомобиль жолдары арқылы байланысады. Қиғаш — АтырауҚұлсары — Бейнеу су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Жангелдінің шығыс жағынан Орта Азия — Орталық газ құбыры мен Өзен — Атырау — Самара мұнай құбыры өтеді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала