Жанбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЖанбайАтырау облысының Исатай ауданындағы ауыл, Жанбай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы — Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағындағы шөлдік белдемде орналасқан.

Атау екі компоненттен тұрады: жам және бой. "Жам" сөзі жергілікті тілде теңіздің терең, әрі өзек жерлері деген мағынасына келсе, ал "бой" сөзі селоның географиялық орналасу жағынан, яғни Каспий теңізінің бойлық қойнауына сұғынып жатқандығынан шыққан.

Іргесі 1930 жылдың бас кезінде ауыл шаруасын ұжымдастыруға байланысты қаланды. 1957 жылы “Забұрын” Қаракөл қой кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылдан мұнда шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Жамбайда орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Ауыл арқылы АтырауАстрахан мемлекетаралық маңызы бар автомобиль жолы өтеді.

Тұрғыны 3036 адам (2009)<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Исатай ауданы елді мекендері