Жанат Аңсабайқызы Чайкина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Жанат Аңсабайқызы Чайкина (1954 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1991). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Баян, «Ақан сері-Ақтоқты» – Ақтоқты, «Қыз Жібек» – Қамқа, М. Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз, «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Хан Кене» – Қарашаш, К. Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші» – Беатриче, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, «Сонеттер» – Ақын, «Король Лир» – Корделия, Шут, А. Чехов «Ваня ағай» – Соня, «Шағала» – Заречная, Ф. Шиллер «Мария Стюарт» – Мария Стюарт, Еврипид «Медея» – Медея, А. Цагарели «Ханума» – Ханума, Ш. Айтматов «Ана–Жер Ана» – Жер Ана және т.б бейнелерді сомдайды.

Марапаттары

  • Халықаралық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте лауреаты.
  • 1978 жылы республикалық жастар шығармашылығы байқауының дипломанты. 1995 жылы "Матай" қоры жарияланған І.Жансүгіров атындағы бәйгені жеңіп алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
  • 1991 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ КСР);
  • 2015 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталған.
  • 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалінің иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}