Жанартаутекті шөгінді кендер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанартаутекті шөгінді кендергеосинклинальдік және платформалық аймақтардағы теңіздердің түбінде жанартаутекті шөгінді жыныстардың шөгуінен түзілген кендер. Мұндағы минералдық заттар жанартаудың ыстық газы мен суынан бөлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бөлшектерге ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан бөлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар, минералдар түзіп шөгеді және су массасымен бірге бір орыннан екінші орынға көшеді. Сөйтіп, жанартау атқылауымен, жердің терең қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен тасымалданады. Бұл минералдық бөлшектердің мұхит пен теңіз алаптарының белгілі бір жерінде шоғырлануы нәтижесінде кейбір химиялық элементтердің мөлшері молаяды. Судағы химиялық реакция тепе-теңдігі өзгергенде, кейбір химиялық элементтердің иондары коллоидтық ерітіндіге айналып, коагулденген соң шөгеді. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметал кен орындары жатады.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жанартаутекті шөгінді кендер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}