Жалған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалған, жалғандық — белгілі бір іс-әрекет немесе құбылыс мәнінің шындықтан алшақтатылып, бұрмаланған көрінісі, ақиқатқа қарама-қарсы ұғым. Адам баласының ақиқатты тану жолындағы шындыққа сай келмейтін, бірақ ақиқатқа баланатын (шын деп қабылданған) адасуы тәрізді жалғандық та қоғамдық сананың жемісі. Діни сана тұрғысынан алғанда, ақиқат немесе шындық әлемді реттеуші абс. күш (Құдай) болса, жалған — адамды Құдайдың әміріне қарсы шығаратын және осы ақиқатты тану жолынан тайдыратын зұлым күш. Құранда: Үлгі:Start citation “Іс біткен заман (ахиретте) шайтан: Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ, мен де сендерге уәде бердім, бірақ мен сендерді алдадым. Негізінде сендерді (жалған жолға) шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді”, Үлгі:End citation — дейді (14:22). Жалған айту басқа адамды алдау немесе оған зиян келтіру, я өзгелердің алдында басымдылыққа қол жеткізу ниетінен туындаған жағдайда этикалық тұрғыдан өрескелдік болып саналады. Алайда ислам дінінде жақсылыққа себеп болған жалған сөз айыпқа саналмайды. Мұхаммед (ғ.с.) хадистерінде үш жағдайда ғана жалған айтуға болады делінеді, олар: соғыста (жауға), адамдардың арасын жарастыруда және ерлі-зайыптыларды татуластыруда. Дұрыс ниеттен туған жалған сөз туралы Шәкерім ақын былай дейді: Үлгі:Start citation “Түзу жолға бастаған жалған артық, Бұзықтыққа сеп болған мұндай шыннан”. Үлгі:End citation Сонымен қатар, жалған ұғымы қазақ дүниетанымында ислам дін іліміндегі өмір мен өлім, фәни мен бақи мәселесіне байланысты “мәңгілік” ұғымына қарсы мәнде қолданылады. Мұнда адамның қамшы сабындай қысқа, шолақ өмірі өткінші жалған, ол нағыз ақиқат өмірге — “о дүние — мәңгілікке” апарар жол ғана. Өмір мен өлім мәселесі қазақ ғақлиятты ой кешу үрдісінде әр кезеңде әркелкі сипатталынса да, бәрінің тоғысар тұсы — “дүние жалған” болып келеді. Үлгі:Start citation “Мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған!” (Шалкиіз, 15—16 ғасырлар)
“Жігіттер, жалған дүние бізден қалар, бір күні ажал келіп жаныңды алар” (Шал Құлекеұлы, 18—19 ғасырлар)
“Қайғы емес қаза, болмаймын наза, ноқталы басқа бір өлім” (Шәкерім, 19—20 ғасырлар)
Үлгі:End citation деген секілді өмірдің өтпелі кебіне мойынсұнған өлең жолдары тіршіліктің шектеулі мерзімін “дүние жалған” ұғымына сыйғызды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub