Жалпы геотектоника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалпы геотектоника. Тектоникалық процестердің уақыт пен кеңістікте көрініс беруінің жекелеген мәселелері мен жалпылама заңдылықтарын, әр түрлі тектоникалық құрылымдардың қалыптасу ерекшеліктерін, Жердің жоғарғы қатты қабықгарының (жер қыртысының, жоғарғы мантияның) және бүкіл Жер планетасының эволюциясын зерттейтін геологиялық ғылым саласы. Жалпы геотектониканың негізгі мақсаты — тектоникалық процестердің себеп-салдарын түсіндіре алатын арнаулы теориялар жасақгау және негіздеу, сол сияқты жер қыртысы және геологиялық нысан ретіндегі бүкіл Жер планетасы дамуының жалпы теориясын жасақтау. Жер дамуының жалпы теориясының әлі де болса жасақталмауы әзірге әр түрлі геотектоникалық жорамалдарды ғана негізге алуға мәжбүрлеп отыр.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}