Еуро

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Currency

Еуро Еуропалық одақтағы 19 елдің (Аустрия, Алмания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Португалия, Нидерланд, Словения, Словакия, Финляндия, Франция, Эстония). ресми валютасы. Сондай-ақ евро 9 мемлекеттің, соның ішінде Еуропада орналасқан 7 мемлекеттің ұлттық валютасы болып табылады. Алайда, Еуропалық одақтың қатысушыларына қарағанда, осы 9 мемлекет Еуропалық орталық банктің ақша-несие саясатына әсер ете алмайды және өз өкілдерін олардын жетекші органдарына бағыттай алмайды.

Еуровалюта

Еуровалюта (Үлгі:Lang-en;) Елден тыс жерде, осы валютаның эмитентімен, коммерциялық банктер ақшасыз депозиттік-несиелік операцияларды жүзеге асыратын шетелдік валюталар. Осылайша Ұлыбритания немесе Германия банктерінің шотындағы АҚШ доллары еуродолларлар, Люксембург немесе Швейцария банктерінің шотындағы неміс маркалары — еуромаркалар деп аталады. Осы сықылды еурофранктер, еурогульдендер, еурофунттар, еуроиендер және т.б. болады.

Еуродолларлар

Еуродолларлар (Үлгі:Lang-en) Қожайындары негізінен АҚШ шегінен тыс еуропа банктерінде орналастырған және соңғысы кредиттік операциялар үшін қолданатын америка долларлары түріндегі акша қаражаты.

Еурокредит, еуронесие

Еурокредит, еуронесие (Үлгі:Lang-en;) Дамыған елдердің ірі коммерциялық банктері, еуровалюталық рыноғы есебінен ұсынатын халықаралық қарызы.

Еурооблигациялар

Еурооблигациялар (Үлгі:Lang-en;) Еурорыноқтан ұзақ мерзімдік қарыз алу кезінде қарыз алушы шығаратын борыштық міндеттеме; құнды қағаздардың бір түрі. Оларда қарыз сомасы, датасы және оны төлеу шартына қатысты ақпарат болады.

Еурорынок

Еурорынок (Үлгі:Lang-en;) Операциялар еуровалюта түрінде жүзеге асырылатын несиелік капиталдың халыкаралық нарқы.

Еурочек

Еурочек (Үлгі:Lang-en) «Еурочек» еуропалық банк жүйесінің қатысушы елдерінің кез келгенінде төлемге кабылданатын чектер. Еурочектерді ендіру мақсаты - туристерге қызмет көрсетуді жақсарту. Банктер еурочектерді оның иесіне ешбір алдын ала ақша жарнасынсыз береді және бір ай мерзімге дейін, банкілік кредит есебінен төленеді. Еурочекті төлейтін банк, бұл үшін комиссиялық ақша алады<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еуро|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}