Естөре Оразақұлы Оразақов
Естөре Оразақұлы Оразақов (29.11.1909, қазіргі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы – 27.7.1986, Алматы) – ғалым, хирург-ортопед, медицина ғылымдарының докторы (1969), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
Өмірбаяны
Қазақ медицина институтын бітірген (1936).
1936 – 1953 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында дәрігер болды.
1953 – 1980 жылдары Қазақ клиникасы және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ғылыми консультант болды.
Жетістіктері және ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері іштен туа біткен ортопедиялық ауруларды емдеу мәселесіне арналған. Естөре Оразақұлы Оразақов республикада балалар ортопедиясының негізін салды. Полиомиелит, жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан, жарақаттанған балаларды сауықтыру жүйесін жасап, гипс орнына “Коллосиликат” қоспасын ұсынды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Дәрігерлік кеңес, А., 1967; Роль врача, А.-А., 1971</ref>
Дереккөздер
<references/>