Ескене ауылдық округі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ескене ауылдық округі — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған әкімшілік бірлік. Құрамына Ескене ауылы кірді. Орталығы – Ескене ауылы болды.
Таратылуы
2013-14 жылдары округ орталығы әрі жалғыз елді мекен - Ескене ауылы Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілуіне байланысты<ref>Атырау облысы Мақат ауданының Ескене және Байшонас елді мекендерін тарату туралы</ref> округ те таратылды.
Халқы
2009 жылғы санақ бойынша округте 528 адам тұрды<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.
Дереккөздер
<references/>