Махамбет (Атырау облысы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Махамбет ауылы — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Аудан орталығы, оның негізі 1928 жылы қаланды. Атауы Махамбет Өтемісұлы құрметіне берілген. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 75 км жерде, Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref>.
Мазмұны
Тарихы
1963 жылға дейін “Жаманқала” деп аталып, Бақсай ауданының орталығы болып келді. 1963 ж. Бақсай мен Новобогат аудандарын біріктіргеннен кейін, Махамбет ауданының орталығы болды<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref>.
Инфрақұрылымы
Сүт зауыты, Төменгі Жайық суландыру жүйесінің басқармасы, Нарын көгалдандыру-мелиорациялық стансасы, "Агротехника"өндірістік кооперативі бар. Ауылға таяу жерде Махамбет Өтемісұлының бейіті бар. Махамбет ауылы арқылы Атырау - Орал электр желісі мен Атырау - Индербор - Самара мұнай құбыры өтеді<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 6 том</ref>.
Халқы
Аудан орталығында 2007 жылғы 1 қаңтарда тұратын халық саны 8012 адамды құрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Махамбет ауданы елді мекендері