Есенгелді Өсербайұлы Қуандықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуандықов Есенгелді Өсербайұлы (25.5.1949 ж.т., Өзбекстан, Наманган қ.) – медицина ғылым докторы (1990), профессор (2004), ҚР Білім беру ісінің үздігі (2009). Алматы мемлекеттік медицина институты (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік медицина институты (1972–73) мен Мәскеу қаласындағы КСРО Мед. ғылым академиясының медицина генетика институтының (1973–75) аспирантурасында оқыған. Алматы мемлекеттік медицина институттында ассистент (1975–76), Қазақстан Денсаулық сақтау мин-лігінің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылым-зертеуш институтында лаборатория меңгерушісі (1976–92), ғылым жұмыстар жөніндегі институт директорының орынбасары (1989–90), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі (1992–98), ғыл. (1994–96) және оқу (1996–2000) ісі жөніндегі проректоры, Дүниежүз. өркениет университетінің проректоры (2000–01) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақ ұлттық медицина университеттінде кафедра меңгерушісі (ун-ттің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, 2005–06). 1990 ж. «Генетико-демографические процессы и показатели нарушений репродуктивной функции в городских популяциях Казахской ССР» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 60-тан астам ғылым жарияланымның, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде жазылған 5 оқулықтың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен (1986) марапатталған. Қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жемісті еңбек етуде. <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есенгелді Өсербайұлы Қуандықов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}