Есектартқан асуы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

Есектартқан асуыАлматы облысы ның Райымбек ауданындағы асу. Ол Кетпен (Ұзынқара) жотасының оңтүстік-батыс сілемі – Қаратауда.

Жер бедері

Теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Жаз айларында асуда қар болмайды. Оның оңтүстік беткейі жалаңаш, терең жыралармен тілімделген. Солтүстік беткейінде қылқан жапырақты орман өскен. Жергілікті халық Есектартқан асуын ертеден-ақ пайдаланған. Асу Текес өзенінің аңғарының жоғары жағынан тауаралық Кеген аңғарына, одан əрі Іле аңғарына өтетін төте жол саналады. <ref>«Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub