Іле ойысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Іле Ойысы – Қазақстанның оңт.-шығысындағы тауаралық тектоник. құрылым. Солт-нде Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Борохоро (Бурақара) оңт-нде Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталарымен, шығысында Қытай жерінен басталып, батысында Қараой, Итжон үстірттерімен шектеседі. І. о. өзін қоршаған таулардан терең жарылымдармен шектелген. Ойыстың жалпы ұз. – 1000 км, республика жеріне батыс бөлігімен кіреді (көпшілік жері Қытайда), Қазақстанда батыстан шығысқа 300 – 350 км-ге созылып жатыр, ені шығысында 100 – 120 км, батысында 70 – 80 км, орта шенінде оң жағалаудан Қату, Қалқан, сол жағалаудан келіп, ойысты жіңішкертіп (25 – 30 км-ге дейін) екіге бөледі: батыс жағы Алматы, шығыс жағы Жаркент құлдималары. Орт. бөлігін Іле өз-нің аңғары алып жатыр. Абс. биіктігі шығысында 700 м, батысында 500 м, таулы жоталарға қарай 1000 м-ге дейін биіктей түседі. Бұл ойыстың палеозойлық тұғыры батысында 3000 м, шығысында 5000 м тереңдікте, үстін мезо-кайнозойлық шөгінділер жапқан құрылым тектоник. болғандықтан, жер сілкіну болып тұрады; 7 – 9 балдық белдемге жатады. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қуаң шілденің орташа темп-расы 21,3 – 25,4С, қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа темп-расы –5,8 – 11,7С. Жылдық жауын-шашын мөлшері ойыстың түбінен ернеуіне қарай (Қапшағайда – 260 мм, Алматыда – 575 мм) және шығыстан батысқа қарай өсе түседі (Шелекте – 233 мм, Қапшағайда – 260 мм). Су торына Іле және оның салалары жатады. Жер бедерінде тау етегінің шөлейтті және жазықтық шөл ландшафтысы айқын ажыратылады. Іле Алатауы мен Кетпен жоталарының тау етегі жазығы дөңбектасты-малтатасты қабаттан түзілген, үстін ллсс тәріздес қоңыр саз жапқан, ашық қоңыр топырағында жусанды-изенді өсімдіктер өскен. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тау етегі жазығының бозғылт сұр топырағында бұйырғынды-сексеуілді және тасбұйырғынды өсімдіктер кездеседі. Бұрын Іле өз-нің аңғары болған ойыстың түбін аллювийлік шөгінді басқан. Энергетикада, балық ш-нда зор маңызы бар Қапшағай бөгені салынған. Ойыстың оңт. етегін бойлай ШілікШамалған өзен аралықтарында Үлкен Алматы каналы тартылған.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

Ж. Ахметов <references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Іле ойысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}