Есберген Оразұлы Алауханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есберген Оразұлы Алауханов (19.5.1958 ж.т., Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы) – заң ғылымының докторы (2004), профессор (2004).<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>Ташкент мемлекеттік университетін (1987), Саратов жоғары милиция мектебін (1991), Халықаралық қазақ-түрік университетін (1998) бітірген. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қызылжұлдыз ауылында есепші (1976), Сарыағаш ауданы халық сотында сот мәжілісінің хатшысы (1981),<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref> Сарыағаш халық сотының төрағасы (1993), Оңтүстік Қазақстан облысы соты қылмыстьқ істер алқасының төрағасы (1996), Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары қаржы полициясының бастығы (2001–04), ІІМ академиясының кандидаты диссертация кеңесінің төрағасы (2006–08), 2008 жылдан ҚазҰУ-дың «Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі. ҚР Жоғары сот ғылымының кеңесінің мүшесі. Алауханов 300-ден астам ғылыми еңбектер мен 25-тен астам монографиялар және оқулықтардың («Уголовный кодекс Казахстана. Каким быть», 1990; «Борьба с коррупцией», 2008; т.б.) авторы.

Жетістіктері:

Қазақстан Журналистер одағының Б.Қаратаев атындағы сыйлығының лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Ресей Криминологтар ассоциациясының мүшесі, Қазақстан Криминологтар ассоциациясының құрметті профессоры. «Ерен еңбегі үшін» және «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}