Емтікен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Емтікен (Alfredіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның таулы аймақтарында өсетін 3 түрі: еңкіш Емтікен (A. cernua), тікенқабықты Емтікен (A. acantholepіs) және қарлы Емтікен (nіvea) бар. Бұлардың биіктігі 40 см-ден 1 м-ге (кейде 3 м) дейін жетеді. Жуан тамыр сабағынан бірнеше тік сабақтары шығады. Қалың жапырақтарының ұшы сүйірлеу, тұмсық тәрізді. Сары түсті түтік гүлдері жиналып, себет гүлшоғырын құрайды. Себеттің сыртындағы қорғаныш қызметін атқаратын орам жапырақшалары жарғақ сияқтанып тұрады. Гүлі – қос жынысты, аталығы 5, аналығы – біреу, бір ұялы. Әрбір гүлінің тостағанша жапырақшаларынан түзілген айдаршасы бірнеше қатар тікенектерден тұрады. Шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісіконус тәрізді тұқымша. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Емтікен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}