Ежелгі кен қазбалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ежелгі кен қазбалары қола ғасырында, шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықтың 1-жартысынан б.з-дың басына дейін қазылған кен қазбалары. Қола алу мақсатымен мыс, қалайы, кейде полиметалл кендерінде жүргізілген бұл қазбалар дүние жүзіндегі кенді аймақтарға, әсіресе, Қазақстан жеріне ерекше тән. Е. к. қ. шұқыр, үңгір, ұра, жыра түрінде келеді, тереңд. бірнеше м-ден ондаған м-ге дейін жетеді. Бұлардың маңында металы бөлініп алынған кентас қалдықтары, бос жыныс үйінділері кездеседі. Қазу жұмыстарына алғашқыда тас балғаларды, сыналарды, түйгіштерді, уатқыштарды, мүйіз бен сүйектен, мыс пен қоладан, кейінірек темірден жасалған қолсүймендерді, қайлаларды, балғаларды, ағаштан жасалған астаулар мен баспалдақтарды, шыбықтан тоқылған шелектерді, тері дорбалар мен қолғаптарды, саздан жасалған шырағдандарды, т.б. пайдаланған. Е. к. қ. Қазақстанның Қалба, Нарын жоталарында, Кенді Алтайда, Ертіс, Есіл бойында, Балқаш маңында, Сарыарқа, Жетісу, Қаратау, т.б. көптеген аймақтарда кездеседі (картаны қ.). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың бас кезінен бастап б.з-дың басына дейін көптеген мыс кендерінің (Жезқазған, Кенқазған, Алтынтөбе, т.б.) негізінде Қазақстан мыс пен қола өндірісі жөнінен еуразиялық ең ірі орталықтарының бірі болды. Қазу жұмыстарының көлемі шамамен Жезқазғанда 1 млн т-ға, Кенқазғанда 800 мың т-ға дейін жеткен. Көбінесе тотыққан кентастар өндірілген. Ұзақ жылдар жұмыс істеген, өндірісі көлемді болған нысандарда ұзындығы жүздеген, ені ондаған м-ге жететін карьерлер, штольнялар, шахталар, орлар кездеседі. Ол кезде Қалба, Нарын жоталарында қалайы кентастары, Степняк, Ақсу кендерінде едәуір мөлшерде алтын өндірілген. Мыс пен қалайы өндірілген орындарда біршама дамыған металлургия өндірісінің жұрнақтары сақталған. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында көптеген темір кендерінің ашылып, пайдаланылуына байланысты мыс кентасын өндірудің біршама төмендегені байқалады. Бағзы заман мамандарының кентас іздеу белгілерін жақсы білгендігі, кентастан металды бөліп алуға шебер болғандығы аңғарылады. Кен белгілері қатты кентасқа от қойып, жоғары темп-раға жеткізіп, кейін суық сумен күрт салқындату арқылы қажетті минералдарын ажыратқан. Мыс пен қалайы минералдарын белгілі қатынаста араластырып балқыту арқылы жоғары сапалы қола алған. Қалба, Нарын жоталарындағы қалайы кендері түгел дерлік, Кенді Алтай, Жетісу, Сарыарқаның мыс, полиметалл кендерінің басым көпшілігі, Жезқазған, Кенқазған, Қорғасын, Берікқара, Нілді, Шатыркөл, Майқайың, Гүлшат, Текелі, Қарағайлы, Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б. үлкенді-кішілі кендер Е. к. қ-ның қалдықтары негізінде ашылған. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ежелгі кен қазбалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}