Мүйіз
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Целый рог.jpg
Мүйіз.
Мүйіз (рог); (лат. cornu — мүйіз) — мүйізді жануарларда болатын, маңдай сүйегінің мүйіз өсіндісін қаптап тұрған тері туындысы. Мүйіздің терісі екі қабаттан: сыртқы тері эпидермисінен және оның астындағы дерма (нағыз тері) қабатынан тұрады. Дерманың торлы қабаты мүйіз өсіндісінің сүйекқабымен берік байланысқан. Мүйіз эпидермисі түтікше мүйізден түзілген. Мүйіз мүйіз түбірінен, мүйіз денесінен және мүйіз ұшынан тұрады. Мүйіз сақиналары арқылы жануарлардың жасын анықтауға болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>