Еврейлер Қазақстан жерінде(көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

2003 жылғы 5 қазанда облыстық этнографиялық мұражайда (қазірде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы) «Еврейлер Қазақстан жерінде» деген көрме ашылды, ол Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстан Республикасындағы «Мицва» қауымдастығының, Алматы қаласындағы қоғамдық «Римон» еврей орталығының, Өскемен қаласындағы «Фаина» хэсэдінің жәрдемімен және қолдауымен ұйымдастырылған болатын.

Экспозиция мақсаты – еврей халқының тарихы, оның мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігі туралы әңгімелеу. Мұнда иудаизмнің құлшылық жасау заттарын (шофар, талит, менору, ханукию және басқалар) көріп, иудейлердің Мәңгі кітабы – Тораны тамашалау мүмкін болды. Олардың көпшілігі облыста бірінші рет көрсетілді.

Материалдардың көпшілік бөлігі (фотолар, мұрағаттық құжаттар, кітаптар) Шығыс Қазақстан облысы аумағында еврей диаспорасының пайда болуы жайындағы мәселені ашу тақырыбына арналған. Экспозицияның бұл бөлімі Семей қаласында 1913 жылы салынған синагога, ескі еврей зираты жөніндегі ақпаратпен таныстырды. Көрмеге «Адрес-календарь» анықтамалық басылымы [1913 жыл] ұсынылды, онда синагоганың алғашқы қазыналық раввині – Кива Ицкович Рабиновичтің есімі аталады. Көрме оқытушыларға, студенттерге, оқушылар мен көпшілік келермендерге арналды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж.