Дөкей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДӨКЕЙ – ортағасырлық қала орны. Меркі ауданы, Сұрат а-нан 4 км оңтүстікте. 1988 ж. ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық ун-ті) археол. экспедициясы (жетек. М.Е. Елеуов). Қалашықтың қазіргі орны әлемнің төрт бұрышына бағытталған көл. 45х45 м шаршы төбешік. Ол ені 5 м, биікт. 0,3 – 0,8 м дуалмен қоршалған. Оның кейбір жерлері ені 1 – 1,5 м, биікт. 0,2 – 0,3 м тастан қаланған. Қалашықтың оңт-тен шығатын қақпасының бат. жағында мұнара орны сақталған. Шығатын жерден шығысқа қарай 20 м аралықтан көл. 1×1 м тікқазба (шурф) түсірілген. Одан сырсыз жасалған құман, табақ, құмыра,көзе, т.б. тұрмыстық-шаруашылық ыдыстар сынықтары табылған. Алынған материалдарға қарағанда ДӨКЕЙді 10 – 12 ғ-ларда мекен еткен халық егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дөкей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}