Шурф
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шурф – жер бетінен тік немесе көлбеу қазылатын қазба. Оның көлденең қимасы шаршы, тік төртбұрыш немесе ромбы пішіндес болып келеді әрі онша терең болмайды. Олардың барлау, тәжірибе және пайдалану үшін дайындалатын түрлері болады. Борпылдақ және жұмсақ тау жыныстарындағы Шурфтарды қазғанда соңынан шегендеп отырады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том