Дәстүрлі билер соты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәстүрлі билер соты - XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі былер сотын бірте-бірте жоя бастады.

Билер, билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі

Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.

Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би,

  • біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «{{Қасым ханның қасқа жолын]]», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек.
  • Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет.
  • Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.

Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.

Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап ең ауыр қылмыс саналатын кісі өлтіруге дейінгі қылмысты істерді қарастырды.

Билер соты дауға әділ билік айту принципі бойынша жүргізілетін. Би әділ де тапқыр, Әйтеке би айтқандай, Үлгі:Cquote дана болуы тиіс. Билер қазақ халқының ауызбірлігін, өзара түсінісуін нығайтып, дау-шарды әділ шешіп отырған. Бидің бір өзі тергеушінің, әрі айыптаушы мен судьяның (қазының) қызметін қоса атқарған.

Билер соты ауызекі сөз жарыстыру түрінде өтетін. Куәлардан жауап алу да қарастырылатын. Билер сотының бір артықшылығы ол халықтың көз алдында ашық өткізілетін, оған кез келген адам өзінің қалауынша қатыса алатын. Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығару үшін Төбеби сайланған.

Би сотының шешімін сұлтандар мен старшындар жүзеге асыратын. Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын.

XVIII ғасырда мемлекеттік және қоғамдық кызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақты билер болды. Олар —

Куәлар

Айыпкердің күнәлі екенін дәлелдеу немесе оны ақтап шығу үшін жұртқа кеңінен танымал кемінде 2-4 адамның куәлігі керек болатын. Ондай куәлар табылмаған жағдайда адал адамдардың ант ішуіне жүгіну рәсімі қолданылатын. Әйелдердің, үй қызметшілері мен құлдардың, жасы кәмелетке толмаған балалардың куәгер болуына, ант ішуіне рүқсат етілмейтін.

Мінез-құлқы нашар адамдар да куәгерлікке алынбайтын. Бұрын өтірік куәлік бергені белгілі болған адамдар да куәгер бола алмайтын. Куәгерлер арнайы адам жіберіп, жасауыл арқылы алдырылатын.

Жасауылдардың еңбегіне төленетін ақы күнәлі жақтың есебінен өндіріп алынатын. Сұлтандар мен елге сыйлы адамдардың куәгерлігі олар ант ішпей-ақ қабылдана беретін.

Ант ішу

Үлгі:Main Билер сотының тағы бір артықшылығы айыпкерге тағылатын күнә жеткіліксіз жағдайда ақылдастар алқасының көмегіне жүгінетін болған. Ақылдастар алқасы айыпкерді жақсы білетін, оның адал да әділ руластарынан тұратын болуы тиіс еді. Олар өздерінің адалдығына ант ішіп, сотқа тартылған адамды не айыптайтын, не ақтап шығатын.

Ақылдастардың саны қаралатын істің қаншалықты күрделі екендігіне байланысты болатын. Ант ішкізу сот ісінде өтірік айтпауы, жалған куә болмауы үшін жүзеге асырылатын. Ант ішу талапкерге де, жауапкерге де, куәлерге де бірдей қолданылды.

  • Ант ішкізу үшін әлдебір биік жота, ата-бабалар зираты, сондай-ақ көлдің немесе өзеннің көрікті жағасы таңдап алынатын. Сотқа шақырылған әрбір адам шамамен мынандай мазмұнда ант ішетін болған: Үлгі:Cquote.
  • Ант ішудің екінші бір түрі мылтық ұңғысын сүю еді.
  • Ал үшінші түрі бойынша, ант ішушіні ата-баба зиратын үш рет айналдырып өткізген. Қолға Құран ұстап та ант берген.

Жазаның түрлері: жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім жазасына кесу

Қазақтарда жазаның түрлері жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім жазасына кесу болатын. Бірақ өлім жазасы сирек қолданылатын. Түрме және еркінен айыру орындары мүлде болған емес.

Айыптыға ауылдан жер аудару жазалары да қолданылды. Қылмыскерден туған-туыстары мен руластары безініп, араласпай қоятын. Әдетте жер аударылғандар кең-байтақ даланың бір қиыр шетінде, елден жырақ тұратын. Қылмыс жасады деп айыпталған және ол айыбы билер сотында дәлелденген қылмыскерлер айып не құн төлейтін.

Айып дегеніміз жасаған қылмысы үшін материалдық не ақшалай құн төлеу. Қазақітарда кінәлі адамның ат-шапан айып төлеуі атам заманнан бері бар болатын.

Онша ауыр емес, жеңіл-желпі қылмыс жасаған адам талапкердің қалауы бойынша жазадан ат-шапан айып төлеп те құтылатын. Ал ауыр қылмыс жасаған адамдар мал есебімен «тоғыз» төлейтін. Мәселен, «Түйе бастаған тоғызға» үш түйе, үш сиыр, үш қой кіретін. Ұрлық жасағаны ашылып, масқара болған дамға әрқайсысында тоғыз бас мал болатын «Үш тоғыз» айып салынатын.

Адам өлтіргені немесе дене мүшесіне жарақат салып, мүгедек еткені үшін құн төленетін. Адам өлтірген адам өлім жазасына да кесілетін. Бірақ бұл жазадан құн төлеу арқылы құтылуға болатын. Құн төлеген жағдайда қылмыскерден кек алуға жол берілмейтін.

Кұн төлеудің шарты мен мерзімін екі жақ барынша қатаң келісіп алатын. Ер адамды өлтіргені үшін 1000 қой немесе 100 жылқы, немесе 50 түйе құн төленетін. Ал әйелді өлтіргені үшін төленетін құн мұның жарты мөлшеріндей аз болатын. Күйеуін өлтірген әйелдің де өлім жазасынан құн төлеп құтылуына болатын еді. Бірақ бұл үшін оның өлген күйеуінің туған-туысқандары кешірім жасап, ризашылық келісімін беруі шарт саналатын. Мұндай жағдайда қылмыскер жазадан құн төлеу арқылы құтылып кете алатын. Ал егер айыпкер өзі зорлаған қызға үйленетін болса, онда ол қызға қалыңмал төлеп, өзі өлім жазасынан да, құн төлеу жазасынан да босатылатын.

Егер біреу кажетті қорғаныс үстінде қарсыласын өлтіріп алса және мұны көзімен көрген куәгері болса, онда ол құнның жарты мөлшерін төлеуге тиіс болатын, ал ондай куәгері болмаса, онда толық мөлшерінде құн төлейтін. Жартылай құн біреуді байқаусызда өлтіріп алған жағдайда да төленетін болған.

Адам өлтірген қылмыскерді жасырған және оның қашып кетуіне көмектескені үшін күнәлі болған адам өлген адамның құның өзі төлейтін. Барымта кезінде кісі өлтірген қылмыскер де құн төлеуі тиіс болатын. Кімде-кім ұрыны, қарақшыны немесе кісі өлтірген қылмыскерді өлтірсе, оған ешқандай жаза қолданылмайтын.

Қазақтар кейбір жағымсыз қылықтар, бұзақылық жасаған адамға қамшымен немесе солқылдақ көк шыбықпен дуре соғу жазасын қолданатын. Күнәлі адамға оның жасаған қылмысының қаншалықты ауыр не жеңіл екендігіне қарай 25, 50,100 дүре соғу жазасы белгіленетін. Өтірік әңгіме таратқан адамға да қамшымен дүре соғу жазасы қолданылатын.

Егер баласы әкесіне тіл тигізіп балағаттаса немесе әкесі мен шешесінің біреуіне қол жұмсап ұрып-соқса, онда ол баланы қара есекке немесе қара өгізге теріс мінгізіп, мойнына құрым киіз байлап, ауыл-ауылды аралататын. Оны көргендер жерге түкіре жиіркеніп, қамшының астына алатын.

Дүрелеп жазалау барша жұрттың көзінше орындалғандықтан, ол ең масқара әрі ел бетіне қарай алмайтын ұятты ауыр жаза болып есептелетін. Дүре соғу қоғамдық тәртіпті сақтаудың, қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін құрмет тұтудың сенімді құралы болып келді.

Егер кімде-кім өзінің дінінен безіп, христиан дінін не басқа бір дінді қабылдайтын болса, онда оның туған-туысқандарының бүкіл мал-мүлкі талан-таражға салынып, бөліп әкетілетін. Діннен безу әрбір отбасы, ру, тайпа үшін ең масқара қылықтардың бірі саналатын.

Дәстүрлі қазақ қоғамында өзіне-өзі қол салып өлген адам туралы жақсы лебіз айтылмаған. Өзін-өзі өлтірген адамды жалпы зираттан қырық қадам алыс жерлейтін. Оның жаназасы шығарылмайтын, ас берілмейтін, еске алу рәсімі де жасалмайтын.

XVIII ғасырда билер сотының үкімімен қылмыскер деп табылып, өлім жазасына кесілген адам үкім орындалар алдында ханға қарап: «Дат, тақсыр!» деуге құқықты болатын. «Датың болса айт!» дейтін хан. Қылмыскер өзінің ең соңғы қалауы мен өтінішін айтып қалатын. («Дат» парсы тілінде «Әділ заң, әділдік, өтініш» деген мағына береді).

Әдетте хан ауыр қылмыс жасаған айыпталушының ең соңғы өтінішін қанағаттандыратын. Өлім жазасы қылмыскерді дарға асу немесе мойнына арқан са- лып, буындырып өлтіру арқылы орындалатын. Буындырып өлтірген қылмыскерді ат құйрығына таңып, айдалаға қоя беретін. Құдай жолынан безінгендерді таспен атып өлтіретін. Өз туыстарына үйленіп, қан араластырғандар да өлім жазасына кесілетін болған. Қазақтардың әдет заңы бойынша жеті атаға жетпейтін туыстардың некесін қиюға үзілді-кесілді қатаң тыйым салынған.

Барымта

Үлгі:Main Би сотының жиі-жиі қарайтын істері көбінесе барымтаға байланысты болатын. Дәстүрлі қазақ қоғамында өзге біреудің төлемей кеткен қарызы үшін оның малын не мүлкін тартып әкету барымта деп аталады. Сот үкімі орындалмай қалған жағдайда да барымта жасауға болатын.

Дала тұрғындары арасында күшті рудың адамдары адам өлтіргені үшін құн төлеуден, біреуге тіл тигізіп, қорлағаны үшін айып төлеуден бас тартып кете беретін жағдайлар да болып тұратын. Олар тіпті билер сотының алдына баруды да өздерінше ар санайтын. Міне, мұндай жағдайда қорланған рудың ақсақалдары қабылдаған шешім бойынша барымта басталатын, сөйтіп кінәлі жақты өздерінің айтқаным,і комуге мәжбүр ету көзделетін.

Екі жақ өзара тіл табысып, келісімге келгеннен кейін барымтаға алынған мал иесіне қайтарылатын. Барымтата ашықтан-ашық та, жасырын түрде де жасала беретін. Барымта жасырын түрде алынған жағдайда барымташы жақ мал иелеріне үш күннің ішінде ресми түрде хабар беруге міндетті болатын.

Ал бұлай етілмеген жағдайда барымтада кеткен мал ұрланған мал деп есептелінетін. Барымта кезінде екі жақтың бір-бірімен қарулы қақтығысы болып, адамдар жараланатын, тіпті өлімге де ұшырап жататын. Кейде барымтаға бүкіл болыс түгел қатысатын. Ресей әкімшілігі барымтаны қылмысты істердің бірі деп бағалады.

Патша үкіметінің Қазақстандағы билер сотының өкілеттігін шектеуі

Билер сотының дала тұрғындарының арасындағы беделі зор болатын. Көп жағдайда Қазақстандағы орыстардың өздері де империялық соттан гөрі қазақтың билер сотына жүгінгенді артық санады.

Мәселен, мынадай бір елеулі оқиға туралы айта кетуге болады: 1865 жылға дейін Көкшетау сыртқы округында орыстар 117 рет билер сотына шағым түсірген. Билер сотының артықшылығын қазақтардың тұрмысы мен әдет заңын зерттеумен айналысқан орыс зерттеушісі А. Гейнс өте жақсы байқаған болатын. Ол былай деп жазды: Үлгі:Cquote

Патша үкіметі XIX ғасырдың 20-90-жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының жалпы империялық басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтірген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға берді.<ref>Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN 9965-34-816-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәстүрлі билер соты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}