Допинг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Допинг (Үлгі:Lang-en — есіртке; Үлгі:Lang-en — есіртке беру) — кейінгі жылдары спортқа кенедей жабысып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады.

Спортшы­лар медаль, атақ, жеңіс, рекорд, ақша үшін белді бекем буып, допинг қолданып, денсаулықтарына зиян келетіндігіне да көңіл аударар емес. Бұл әрі жылдан-жылға қарқынды түрде өріс алып, спорт әлемін кеулеп барады. Допингке деген сұраныстың шектен тыс артуын қалт жібермей, оны үлкен бизнеске айналдырып отырған әккілер де баршылық. Интерпол деректері бойынша, дәл қазір допинг (тыйым салынған препараттар) айналымы наркотик айна­лымынан да асып түсуде.

Осыған орай осы кеселмен күресу үшін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) құрылған. Содан бері спортты химия мен зұлымдық­тан тазартып, спорттық жоғары жетістіктерге тек әділетті жолмен қол жеткізуді қалайтын, көксейтін қызу күрес жүргізіліп келеді.

Бір қызығы, допинг қолданғандар­дың арасында медицина мен химияны аса жақсы білмейтіндіктен, опық жеп жүр­гендері де баршылық. Мысалы, кейбір спортшылар ауырып-сырқаттанып неме­се жарақаттанып қалған кезде тезірек емделу үшін дәрі-дәрмектер қолданады. Осындайда оның құрамында тыйым салынған препараттар да бар екенін білмей, жаза басып, жазықты болып жүргендер де бар.

Бүгінде допинг қолданғандары әш­кере болып, жазаларын тартып жатқан, тіпті жеңіп алған медальдарынан айыры­лып жатқан спортшылар көп-ақ. Бұл тұрғыда, Америка сияқты өркениетті ел­дер­дің спортшыларының өздері аяусыз жазаға тартылуда.

Қазақстанда

Өкінішке қарай, Қазақстан спортшыларының ішінде де допинг қолданғандықтан, спорттан алас­татылғандары баршылық. Бұл тұрғыда қазақ ауыратлеттерінің, жеңілатлеттерінің, шаңғышыларының және конькишілерінің бастарынан өткен жағдайды айтуға болар еді. 90-шы жылдары бұрын әйгілі жеңілатлет әйел Ольга Шишигинаға «допинг қол­данған» деп айып тағылып, Жетісудың қырмызы қызғалдағы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасына қатыса алмады. Бірақ 2000 жылы Сиднейде Олимпиада чемпионы болып, өзінің нағыз аузымен құс тістеген дүлдүл екендігін дәлелдеп шықты. Ал 2007 жылы Қазақстан велоспортының серкелері Александр Винокуров пен Андрей Кашечкинге де «допинг қолданған» деген айып тағылды. Дәл қазір екеуі де өздерінің адал екендіктерін дәлелдеуге тырысуда. Бұл жерде жағдай мүлдем басқаша, себебі екеуінің басына түскен істе саясат басымырақ. Қазақтың нуы мен суынан нәр алып, ұлттық ком­па­нияларының қаржысы­нан жаралған команданың қамшының сабындай қысқа уақыт ішіндегі жетіс­тіктері мен амбициясы шетелдіктердің (Халықара­лық велоспорт басшыла­рының) қыты­ғына тиген тәрізді.

Допинг түрлері

Стимуляторлар

Стимуляторлар — адамның миына әсер ететін, денесінің жұмысқа деген қабілетін (ойлау қабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар. Спорт­шылар мұны шаршағандықтарын ба­сып, күш-қуаттары көпке дейін жоға­ры деңгейде болуы үшін қолданады. Сондай-ақ салмақ қууға да жақсы көмектеседі. Зиянды әсерлері — қан қысымын көтереді; ашушаң қылып, күйгелектікке түсіреді; бұған үйрені­сіп-бейімделіп кету ықтималдығы басым; тамаққа деген тәбетті жоғалта­ды; жүрек қағысына кері әсер етеді; кеуде мен бас ауырады; адамның бойы дірілдейді.

Есірткелік анальгетиктер

Есірткелік анальгетиктер — бұл ауырғанды басатын, адам ағзасына қатты әсер ететін заттар. Спортшылар мұны шаршағандарын басып, жарақат­тарының ауырғандарын білдірмеу үшін қолданады. Осының арқасында олар жарақаттарына қарамай, жарыс-бәсекені, сайыс-доданы одан әрі жалғастыра береді. Зиянды әсерлері — бұған үйреніп кету ықтималдығы шек­тен тыс басым; бойыңды ұстай алмай қалуың да мүмкін; ұйқышыл қылады; жүректі айнытады, құстырады; іш қатады; естен танып, құлап қалуың да кәдік. Мұны қолданған спортшыны үш ай ішінде тексерсе, бірден байқалады.

Анаболиктер

Анаболиктер — жасанды және таби­ғи компонентер, адам ағзасына әсер ете­тін әрекеттері тестостерон еркек гормонына ұқсас. Спортшылар мұны бұлшық еттерін, күштерін және тө­зім­ді­ліктерін арттыру үшін қолданады. Намысты қайрай түседі. Неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығуға қол жеткізуге болады. Зиянды әсер­лері: .еркектер үшін — бүйрекке за­қым келтіреді, көкірек қуысы өседі; шаш түсе бастайды, аталық жұмыртқа қатаяды; белсіздікке (ұрықсыздыққа) және импотенцияға ұрындырады; безеу басып кетеді; ашушаң болып, төсек қатынасына деген «тәбет» күшейеді.

Әйелдер үшін — еркекке тән қасиеттер дами бастайды, тіпті бетті түк басады; дауыс ырғағы өзгереді; етек­кір циклі өзгереді; ашушаңдық пайда болады. Стероидтар алты ай бойы ағзада қалып қоятындықтан, зәр арқылы мұндай допинг қолданғандар бірден әшкереленеді.

Диуретиктер

Диуретиктер — денеден сұйық шы­ғаратын препараттар. Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид, хлорталидон, триамтерин. Әлбетте бұлар салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ басқа­дай тыйым салынған препараттарды қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің арқасында ағзадағы химиялық преператтар сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері — сусыздандырады; құрыстырады; басты ауыртады, бас айналады; жүрек ай­ный­ды; бүйрекке зақым келтіреді.

Гормондар

Пептидті гормондар және оған ұқсастар — белгілі бір функцияларды (атап айтқанда, қызыл қан тәндерін өндіру мен ауырсынуды) бақылау үшін адам ағзасында пайдаланылған заттар. Жасанды жасалған түрлері де болады. Қолданыстағы түрлері: өсу гормондары, эритропоиетин. Өсу гормондары бұлшық ет пен күшті көбейтеді, жарақаттың тез жазылуы мен жаттығу жұмыстарынан кейін спортшының спорттық бабына тезірек келуіне көмектеседі. Эритропоиетин қанның оттегіні тезірек игеру қа­білетін арттырады, бұл өз кезегінде спортшының неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығып, бәсекеге түсуіне ықпал етеді. Өсу гормондарын көп пайдалану қолдың, аяқтың, бет пішін мен ішкі орган­дардың өсуіне кері әсерін тигізеді. Мұны медицинада акромегалия дейді. Эритропоиетинді көп қолдану қанның қоюлануына әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде талмалы ауруға, инфарктқа ұшырауға, тіпті өліп кетуге ұласады.

Қан допиңы

Қан допингі — бұл спортшының қанының құрамындағы эритроциттер шамасын арттыру, осылайша қанның оттегіні тезірек игеру қабілеті күшей­тіледі. Қолданыстағы түрлері: спортшы­ның қанына донорлық эритроциттер құю. Сондай-ақ басқа да әдіс-тәсілдері бар: ірі жарыс-бәсекеге дейін екі-үш ай бұрын спортшыдан белгілі бір мөлшер­де қан алынып (немесе нағыз спорттық бабына келген кезінде алынуы да мүмкін), бұл қан консервіленеді (зерт­ха­налық жағдайда сақталады), ал нақты керек кезінде әлгі қан ағзаға қайта құйы­лады. Мұны қолданудағы басты мақсат — қанның оттегіні игеруін күшейте түсу. Осындай жолмен қан допингін қолдану адамның ағзасы үр жаңа қалыпқа түскендей етеді. Әрі олар төзімді де, шыдамды бола түседі. Зиян­ды әсерлері — қан түйіршік­тері пайда болады; қан айналым жүйесіне жүктеме түседі; аллергиялық реакциялар бүй­рек­ке зақым келтіреді; инфекциялық аурулар таралады. Көпке дейін мұны анықтау мүмкін болмай келген, бірақ қазір «ағынды цитоме­трия» мұндай допинг қолданғандарды айна-қатесіз айқындап береді.

Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар

Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар — бұл зәр анализін бұрмалау үшін әртүрлі әдіс­тер мен препараттар қолдану. Қолда­ныс­тағы түрлері: басқа адамның зәрін пайдалану (өткізу), эпитестостерон және бромантан қолдану. Спортшылар өздерінің зәрлерінің анализінде тыйым салынған препараттар бар екендігін жасыру үшін осындай әрекеттерге барады. Зиянды әсерлері тым аз. Мұны анықтау аса қиын емес, тек тексеруші шектен тыс мұқият болса болғаны.

Гендік терапия

Гендік терапия — бұл кейінгі кездегі химиктердің жаңа жетістігі. Cебебі, уақыт өткен сайын өмір бір орында тұрмай, жаңа техно­логиялар жетілген үстіне жетіле түсуде. Гендік терапия — спортшы ағзасынан оның допинг қолданғандығын білдір­меу мақсатында ойланып шығарылған допинг түрі. Бұл ең әуелі бұлшық еттері сырқырайтын егде жастағы адамдар мен бұлшық еттері зақымданған адам­дарды емдеу үшін шығарылған жаңа клиникалық сынақ еді. Мұнда сырқат адамның ағзасына синтетика­лық ген енгізіледі. Бұлшық ет тіндерінің «құ­рылыс материалына» айналған синте­ти­калық генді бірнеше жылдардан соң табиғи гендерден айыру мүмкін болмай қалады екен. Алайда қазір медицина­ның бұл жетістігі гендік допингке де айналып барады. Мұның артықшылы­ғы синтетикалық ген өнімдері қан айналымына түспейді, енбейді. Сон­дықтан қан мен зәрден сынақ алынған кезде мұндай допинг қолданылғанын анықтау мүлде мүмкін емес. Осыған орай WADA ғалымдарға гендік тера­пияның спортқа енуіне тосқауыл болу­ларын өтініп, ұсыныс жасады. Допинг­ке қарсы ірі ғылыми орталықтар осын­дай допингті бақылау әдістерін зерт­теуде. Әзірше мұндай допинг қолданған адамдарға қандай зиянды әсерлері тиетіні де дөп басып айқындалмаған.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}