Дәрілік қаратамыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Дәрілік қаратамыр<ref> Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – айлауыктар тұқымдасы, қаратамыр туысына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 40-80 (100) см-ге жетеді.
  • Өсімдікті түгелдей бозғылт түсті түк басқан, төменгі жағындағы түктері тікірейген, ал жоғары бөлігіндердегі - жұмсақ әрі сабаққа жабысып тұрады.
  • Сабағы тік, берік, көп қырлы, көбінесе дара болады. Жоғарғы жағына қарай сыпыртқы тәрізді бұтақталған.
  • Тамыр сабақ жапырақтарының ұзындығы 10-20 см, ұзын сағақты, ұшы үшкірлеу қандауыр тәрізді, жалпақтығы 1-2 (5) см.
  • Сабағының жапырақтары қысқа сағақты, қандауыр тәрізді, бір жүйкелі, ақ сұрғылт түсті, гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді, гүлінің түсі қою қызыл, кейде көк түсті болады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Маусым-шілде де жеміс салады.
  • Тұқымы - жаңғақ, бүйірі қысыңқы, жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-7 мм, тегіс, бет жағы кейде тікенекті болады.

Өсетін жері мен таралуы

Дәрілік қаратамыр Орта Азияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде, Сібірде, Кавказда өседі. Тропиктік және қоңыржай аймақтардың шалғынды алқаптары мен тау беткейлерінде кездесетін 55 түрі белгілі. Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарында (Павлодар, Ақтөбе облыстарында, Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей Алатауларында) кездеседі. Арамшөп ретінде жол жиегінде, қонысты жерлерде, алаңдарда, өзен аңғарларында, қиыршықтасты жерлерде өседі.

Құрамы

Өте улы өсімдік, тұқымы мен тамырында 0,12% алкалоидтар, циноглоссин, консолидин бар, оның әсері кураре (Оңтүстік Америка ормандарындағы өте улы өсімдік) уындай.
Жапырағы мен сабағында 0,1% эфир майы, шайыр, улы холин, бояғыш гумми (қызыл түске бояйды), тамырында илік заттар, шайыр және жапырағында 16,4% каротин болады.

Қолданылуы

  • Халық медицинасында күзде жиналатын тамыры мен гүлдеген кезіндегі жапырақтары - өкпе, тырысқақ ауруларына қарсы және ауырсынуды басатын, тұтқырлықты арттыратын дәрі ретінде пайдаланылады.
  • Тамырын тышқандарға қарсы у ретінде қолданады.
  • Құрамында бояғыш заттар болғандықтан маталарды қызыл түске бояу үшін пайдаланылады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>