Дәрібаев Қанапия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанапия Дәрібаев (27.12. 1931 жылы, қазіргі Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылы) – ақын. Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1956 жылы). 1956 – 1958 жылы орта мектепте мұғалім, 1958 – 1963 жылы республикалық «Балдырған», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында әдеби қызметкер, 1963 – 1981 жылы Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» газетінде редактордың орынбасары, 1981 – 1983 жылы «Ара» журналында бөлім меңгерушісі болды. «Светофор оттары» (1961 жылы), «Серт», «Шиелі өзен» (1976 жылы), «Сыр перзенті» (1981 жылы), «Көк күмбезі» (1986 жылы) жинақтары жарық көрген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}