Балдырған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox 1)Балдырған (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.


Қазақстанда тілік балдырған (H. dіssectum) және Сібір балдырғаны (H. sіbіrіcum) деген түрлері бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Кетпен жотасында, сондай-ақ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облысындағы ылғалды шалғындарда өседі. Биіктігі 2 м-дей. Жұмыр сабағының сырты қырлы, іші қуыс болады. Үш құлақты жапырақтары қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлдері ақ, сары түсті, күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — сыртын түк басқан, ұзынша келген тұқымша. Балдырған — мол өнімді, қоректік заттарға бай, мал азықтық өсімдік, құрамында протеин (14 — 20%), клетчатка (11 — 14%), май (3 — 5%) және каротин (330 — 350 мг/кг) көп. Балаусасында қант көп (20 — 30%-тей) болғандықтан, таза күйінде немесе шала сүрленетін өсімдіктермен қосып, сапалы сүрлем дайындалады. Сабағы, жас өркендері тағамға пайдаланылады. Тамыры мен жапырағын медицинада, ал жемісінен алынатын эфир майы парфюмерия өнеркәсібінде қолданылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті