Дәндібай кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәндібай кесенесі - Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде, Дәндібай қорымының оңтүстігінденде орналасқан. 1933 жылы М.П. Грязнов қазып зерттеген. 1947 -19 48 жылдары Орталық Қазақстан экспедиция (жетекшісі Ә.Марғұлан) кешенді зерттеу жұмысын жүргізген. Кесене қола дәуірінің соңғы кезеңінде салынған. Сыртқы көрінісі шаршы пішінді коршаулы оба. Зерттеу барысында оның екі қатар қоршаулардан тұратыны белгілі болды. Дәндібай кесенесінің тереңдігі 1,2 м, ішкі қоршау қабырғасы екі қатар етіп тастан қаланған. Аумағы 5,2x5,2 м, биіктігі 2 м, қалыңдығы 0,8 м-ге дейін жетеді. Сыртқы қоршаудың аумағы 9x8 м, қабырғасы ұзынша тастардан қаланған, биіктігі 0,7 м, қалыңдығы 0,5 м. Екі қоршау арасында ені 3 м болатын ашық жер - құрбандық шала-тын орын болған.

Адам жерленген ішкі қоршаудың бетін пирамидаға ұқсатып бөренелермен жауып, үстіне бұталар тастап, топырақ үйген. Ертеректе біреулер бөренелерді тесіп кіріп, кесенені тонағандары байқалады. Мәйіт сүйектері, көзелер, т.б. заттар ретсіз шашылып, кісінің бас сүйегі жоғалған. Қазба жұмыстары барысында 12 қыш ыдыс, екі қола жебе ұшы, шаш түйреуіш сынығы, бадам пішіндес тас құрал, мыстан құйылған төрт ілгекті бұйым, өрнекті сүйек қапсырма табылды. Дәндібай кесенесінен табылған қыш ыдыстар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылары (3 дана) Андронов мәдениеті кезіндегі пішіні мен өрнектерін сақтаған, жасалу тәсілдері де ортақ, түбі тегіс. Қалғандарының пішіні әр түрлі: тостаған, текше, дөңгелек шар пішінді. Ыдыстар жұқа, сырты түрлі өрнектермен безендіріліп, жылтырата тегістелген. Табылған қыш ыдыстар мен басқа да бүйымдар Беғазы қо-рымынан табылған материалдармен қосылып, қола дәуірінің соңғы сатысын Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп атауға негіз болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}